23.11.2012, 21:15 2737

"Сайран" көлінде демалыс саябағы салынбақ - баспасөз баяны

Алматыда өткен Қала құрылысы кеңесінің отырысында демалыс саябағының эскизді жобасы талқыланып, жергілікті табиғи ерекшеліктерді ескере отырып, кейбір құрылыс нысандарының орналасуын өзгерту қажеттігі айтылды.

Алматыда "Сайран" көлінде демалыс саябағы салынбақ. Бүгінде көл түбі тазартылып, саябақтың 6 шақырым ішкі жолы жасалып бітті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматыда өткен Қала құрылысы кеңесінің отырысында демалыс саябағының эскизді жобасы талқыланып, жергілікті табиғи ерекшеліктерді ескере отырып, кейбір құрылыс нысандарының орналасуын өзгерту қажеттігі айтылды.

"Бұл аймақта қала тұрғындары белсенді уақыт өткізетін демалыс саябағы ашылады. Мұнда балаларға, үлкендерге арналған атракциондар, спорт алаңқайлары, концерт залы, сауда және көңіл көтеру кешендерін салу жоспарланып отыр" делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны