29.06.2017, 11:02 3706

Сақтандыру медицинасын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары Қарағанды облысында жылдыӊ аяғына дейін созылады

Оныӊ айтуынша, медициналық ұйымдардыӊ қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары үш толқынмен жүргізілді. Бірінші кезекте ақпаратты емделушілерге толығымен жеткізе алуы үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы барлығын білуге тиіс медицина қызметкерлері жеке оқытылды. Қазір олар спикерлер ретінде халық арасындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысуда.

Қарағанды. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды аудара бастайды. Алайда, сақтандыру медицинасын енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғаса береді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бастығы Ержан Нұрлыбаев.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша бүкіл республикадағы секілді, облыста да Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолданысқа енгізу бойынша кеӊ ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс қазір де жалғасып жатыр: адамдарға сақтандыру медицинасын енгізудіӊ мақсаты және оныӊ не үшін керектігі жайлы түсіндіріп жатырмыз. Облыстыӊ 7 мыӊнан астам тұрғыны соӊғы тоқсанда емханаларға тіркелу науқанына атсалысты, олардыӊ арасында тіркелгендері, қайта тіркелгендері, тіпті алғаш рет емханаға тіркеуге тұрғандары да бар. Яғни, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолданысқа енгізу бойынша дайындық жұмыстары кейбір азаматтарымыздыӊ емделуші ретінде заӊдастырылуына жақсы ынталандыру болды. Меніӊше, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолданысқа енгізу дұрыс жолға қойылуға тиіс, ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ирине, жекелеген сауалдар болып жатса, дер кезінде шешімін табамыз", - деді басқарма бастығы.

Оныӊ айтуынша, медициналық ұйымдардыӊ қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары үш толқынмен жүргізілді. Бірінші кезекте ақпаратты емделушілерге толығымен жеткізе алуы үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы барлығын білуге тиіс медицина қызметкерлері жеке оқытылды. Қазір олар спикерлер ретінде халық арасындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысуда.

Медициналық мекемедегілер халықтыӊ бір бөлігі сақтандыру жүйесінен тысқары қалатынын және шілдеден бастап барлығы бірдей жарна аудара бастамайтынын жоққа шығармайды. "Сол себепті ақпараттық түсіндіру жұмыстары жылдыӊ аяғына дейін ұзартылды. Біз белгілі бір медициналық мәртебесі жоқ, жалдамалы жұмыскер, өз бетімен жұмыс жасаушы, жұмыссыз секілді адамдардыӊ келетінін аӊдап отырмыз. Тиісінше, мұндай емделушілер медициналық көмектіӊ белгілі бір көлемін ғана алады. Және біздіӊ тарапымыздан міндетті түрде түсіндіріледі. Өкінішке орай, міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыратын ешбір ел мұндай жайттардан ада қалмаған", - деді Нұрлыбаев.

Осы орайда ол емделушініӊ өміріне қатер төніп тұрған шұғыл жағдайда, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын-қатыспайтынына қарамастан, барлығына медициналық көмек көрсетілетінін еске салып өтті.

Сонымен бірге, Нұрлыбаевтыӊ айтуынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін азаматтардыӊ өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі.

"Денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік деген ұғым бар. Егер бұрын азаматтыӊ денсаулығы үшін жауапкершілік тек денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлеріне жүктеліп келсе, ендігі жерде бұл жауапкершілікті қызметкер мен оныӊ жұмыс берушісі де қоса жүктеп алады. Біздіӊ кәсіпорындар жүздеген миллион теӊгені жыл сайын еӊбекке жарамсыздық парағын өтеуге жұмсайды. Енді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз қызметкерлері үшін медициналық көмек алу мүмкіндігі үшін аударымдар жасаған кезде, жұмысшылардыӊ медициналық ұйымдардыӊ шақыруымен дер кезінде скрининг және тексерулерден өтіп отыруына өз тараптарынан мүдделілік танытатын болады. Өйткені бұл аурулардыӊ алдын алуға бағытталады. Ал қызметкерлерге келсек, азаматтардыӊ басым бөлігініӊ санасы өзгереді. Қызмет үшін өзі ақы төлеген жағдайда оны пайдалануға да ынталы болатыны анық. Біз азаматтарымыздыӊ өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі деп үміттенеміз", - деді ол.

Мекеме басшысыныӊ айтуынша, қазір медициналық ұйымдар тексеруден, скринингтен немесе диспансерлік тексеруден өтуге шақырған кезде емханаға келетіндердіӊ үлесі 50 пайыздан аспайды. Бұл ретте медициналық қызметкерлер емделушілерді профилактикалық байқауларға шақыру үшін көп күш пен уақыт жұмсайды.

"Кейде адамдар еӊбекке жарамсыздық парағын алуға келсек, тексеру кабинетінен өтуге мәжбүрледі деп шағымданады. Бірақ біз бұны еріккеннен істеп отырған жоқпыз ғой. Иріптестерім тіпті адам келіп кепілдендірілген медициналық көмекті алуы үшін кейде осындай амалдар қарастырады. Азаматтарымыздыӊ денсаулық мәдениеті қазір, өкінішке орай, тым жоғары емес және бұл бізді осы тектес қулықтарға бару арқылы олардыӊ денсаулығын қамқорлыққа алуға мәжбүрлеп отыр. Сол себепті, меніӊше, сақтандыру медицинасын енгізген кезде, өздері жарна салатындықтан, аурудыӊ алдын алу қажеттігі туралы азаматтардыӊ өзіндік санасына ықпал етеді деп ойлаймын", - деді Нұрлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны