07.08.2008, 16:20 2915

Салық кодексінің қорытынды талқылауы 26 тамызда үкіметте өтеді - премьер

Салық кодексінің қорытынды талқылауы 26 тамызда үкіметте өтеді - премьер

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Салық кодексінің қорытынды талқылауы 26 тамызда үкіметте өтеді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кодекс жобасында кейбір орынды тұстары бар. Оларды қарау керек. Осыдан кейін біз 26 тамызда өтетін үкіметтің отырысында бұл құжатты талқылап, парламентке ұсынамыз. Сосын оны парламентте толықтырамыз. Бізде әлі де 19-20 күн бар. Бірақ әлі де бойды босқа салмай, жақсарта түсетін нормалар бойынша жұмыстарды жалғастыра беру қажет",- деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны