12.06.2008, 13:28 1441

"Самғау" холдингі "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49% мәдениет және ақпарат министрлігіне береді

"Самғау" холдингі "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49% мәдениет және ақпарат министрлігіне береді

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49%-ын мәдениет және ақпарат министрлігіне береді. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз "Хабар" акцияларының қоржынын 100% өзімізге, министрлікке қайтарып алуымыз керек", - деді М. Құл-Мұхаммед.

Ол қазір "Хабардың" эфирлік телебағдарламаларды, ұлттық спутниктік Caspionet телебағдарламалары мен "Радио Хабар" радиобағдарламаларын меншіктенетін "Хабар" агенттігінің акцияларының 51% министрлікке, 49% - "Самғау" мемлекеттік холтингіне тиесілі екенін атап өтті. ""Хабардың" активтерін мейлінше тиімді, оперативті әрі кәсіби басқару үшін акциялар қоржынының қалған 49% біздің министрлікке қайтарылуға тиіс деп ойлаймын", -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны