30.06.2018, 00:43 4116

"Samruk-Kazyna Trust" Қорыныӊ 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар тізімі бекітілді

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма шешімімен жыл сайынғы қайырымдылық бюджетініӊ көлемі 15 млрд теӊгеден 10 млрд теӊгеге қысқартылды.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - "Samruk-Kazyna Trust" Қорыныӊ 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар тізімі бекітілді.

"Samruk-Kazyna Trust" Қоры ұзақ мерзімді серіктестік негізінде қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады, соныӊ ішінде "Дара" ЖҚ, "Еркін Мейірімдік Қоры" ҚҚ, "Замандас 21" ҚҚ, "Қасиетті жол" ҚҚ қорлары бар. Бұдан бөлек, Қор ерекше мүмкіндіктері бар балаларға, ата-ананыӊ қарауынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасыныӊ балаларын қолдауға бағытталған жобалармен қатар, "Меніӊ елім" Илеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. 2018 жылға 23 әлеуметтік жоба тізімі бекітілді.

Естеріӊізге салсақ, бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарушы директоры Илішер Пірметов "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Қайырымдылық саясатына өзгерістер енгізілетінін айтқан болатын.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма шешіміне сәйкес, компаниялар тобыныӊ бірегей қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры төмендегі төрт бағыт бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын болады:

1) әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмек көрсету;

2) бұқаралық ақпарат құралдарын, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еӊбек қатынастарын нығайту және қоғамныӊ тұрақты дамуына инвестиция;

3) "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы бар өӊірлердегі әлеуметтік инвестициялардыӊ өӊірлік бағдарламасын іске асыру;

4) Қордыӊ не/немесе компаниялар тобыныӊ беделін арттыру;

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма шешімімен жыл сайынғы қайырымдылық бюджетініӊ көлемі 15 млрд теӊгеден 10 млрд теӊгеге қысқартылды.

Жобалар туралы толық ақпаратпен Қордыӊ ресми сайтында http://www.sk-trust.kz танысуға болады.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны