11.02.2013, 13:38 4187

"Самұрық - Қазына" жылжымайтын мүлік қоры Ақтөбенің ЖОО-ларымен меморандум бекітті

Нақтырақ айтсақ, меморандумдар Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі мен Ақтөбе политехникалық колледжімен бекітілді, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Жылжымайтын мүлік қоры Ақтөбе қаласының құрылыс мамандарын даярлайтын оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, меморандумдар Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі мен Ақтөбе политехникалық колледжімен бекітілді, деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

"Аталмыш меморандумдар дуальды білім беру жүйесін енгізуге және құрылыс саласының мамандарын даярлауға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының XIX сессиясында Президент берген тапсырмаларды орындау шеңберінде, "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы аясында Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын құрылыс объектілерінде білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуі қарастырылған", - делінген таратылған ақпаратта.

Қол қойылған меморандумдар аясында оқу орындары құрылыс компанияларымен - Қор әріптестерімен бірге кадрларды қайта даярлап, олардың біліктілік деңгейін арттырумен айналысады.

2012 жылы Жылжымайтын мүлік қоры Астана қаласының Политехникалық колледжі мен "Тұран Профи" халықаралық кәсіби академиясымен әлеуметтік әріптестік туралы екі меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта меморандумдар Алматы қаласының оқу орындарымен бекітіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны