12.09.2012, 17:48 3857

"Самұрық-Қазына" дуальді білім беру тәжірибесін енгізбек

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры биыл еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарына дуальді білім беру тәжірибесін енгізу үшін 30 млн теңге бөлген, деп хабарлады Қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" дуальді білім беру тәжірибесін енгізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры биыл еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру орындарына дуальді білім беру тәжірибесін енгізу үшін 30 млн теңге бөлген, деп хабарлады Қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

"Біз биыл 16 оқу орнын іріктеп алдық. Сол 16 оқу орнында 1-қыркүйектен бастап 400 бала 20 мамандық бойынша білім ала бастады. Осы 400 студент енді оқумен қатар біздің кәсіпорындарда жұмыс істейтін болады. Атқарған жұмысына сай ақы алады. Ал, ең бастысы -диплом алған кезде тәжірибелі маман иесі болып шығады ", - дей келе Ө.Шөкеев бұл қаражат жыл сайын еселеніп отыратындығын алға тартты.

Айта кетейік, бүгін "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның Астанадағы технологияны оқыту орталығында "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, сондай-ақ кәсіптік-техникалық оқу орындарының басшылары қатысқан жиын өтті. Тараптар еліміздегі кәсіптік-техникалық лицейлер мен колледждерге дуальді білім беру жүйесін тиімді енгізудің әдіс-тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны