11.05.2014, 19:46 3926

Санкт-Петербургте қазақ қолөнершілерінің туындылары топтастырылған этноауыл ашылады

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Санкт-Петербург қаласында Астананың мәдени күндері басталады. Бұл қалалар арасындағы мәдени, іскерлік байланысты ғана нығайтып қоймай, коммуналдық-шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамытады.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Ағымдағы жылдың 17 мамырында Санкт-Петербург қаласында Астананың мәдени күндері басталады. Бұл қалалар арасындағы мәдени, іскерлік байланысты ғана нығайтып қоймай, коммуналдық-шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамытады.

Этно-ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға келген Санкт-Петербург қаласының тұрғындары қазақ қолөнершілерінен шеберлік сағаттарын көріп, қатыса алады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.

Ол үшін арнайы "Қазақ ауылы" экспозициясы құрылады. Ши, басқұр тоқуға, сырмақ сырып, кесте тігуге ниеттілер осы алаңда өздерінің қызығушылығын тудырған дүниелермен танысады. Қамшы өріп, кілем тоқып, жіп иіріп қазақ халқының дара болмысын терең ұғады.

Бұдан басқа салт-дәстүріміз бен ырым-нанымдарымыз да көрсетіледі. Бұндай іс-шараны ұлттық болмыстағы ән-бисіз елестету мүмкін емес. "Astana ballet" би ұжымы, "Солистер академиясы" мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны