05.06.2008, 18:05 2921

Санкт-Петербургте Өзбекстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтеді

Санкт-Петербургте Өзбекстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтеді

Мәскеу. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Санкт-Петербургте ХІІ Халықаралық экономикалық форум барысында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов пен Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді. Бұл туралы журналистерге Ресей Федерациясының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Фарит Мұхаметшин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Екі ел президенттерінің кездесуі жоғары деңгейдегі одақтық қатынастардың жалғасы болады", - деді елші.

Сонымен қатар, ол Халықаралық экономикалық форумға Өзбекстан делегациясы да қатысатынын хабарлады. Оның құрамына республиканың жетекші салалары мен кәсіпорындарының өкілдері кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны