18.06.2012, 11:24 2807

Сан-Маринода Астананың EXPO-2017 өткізу өтінімінің таныстырылымы өтті

ҚР СІМ жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Сан-Марино Республикасына жұмыс сапары өтті, деп хабарлады ҚР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Сан-Маринода Астананың EXPO-2017 өткізу өтінімінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР СІМ жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Сан-Марино Республикасына жұмыс сапары өтті, деп хабарлады ҚР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Кездесулер барысында Р.Жошыбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің осы елдің басшылығына 2017 жылы "ЭКСПО" көрмесін өткізу құқығы үшін Астананың кандидатурасын қолдауға қатысты хатын тапсырды.

Отандық дипломаттар шетелдік және саяси істер, телекоммуникация және көлік жөніндегі мемлекеттік хатшы Антонелла Муларонимен, туризм, спорт, экономикалық жоспарлау және қатынастар жөніндегі мемлекеттік хатшы Фабио Берардимен, индустрия, кәсіпшілік және сауда жөніндегі мемлекеттік хатшы Марко Ардзиллимен келіссөздер жүргізді.

Сан-Мариноның өкілдері екі ел арасында екіжақты және көпжақты форматта қарым-қатынасты нығайтуға мүдделік танытты.

Тараптар екі ел арасында келісім-құқықтық базаны кеңейтудің қажеттілігін атап өтті. Атап айтқанда салық салу, туризмді дамыту және экономикалық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қоюге мүдделілік жайында сөз болды.

ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Астананың 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған көрме өткізуге ұсынған өтінімінің таныстырылымын өткізді, ол қазақстандықтардың нақты позициясын айқындап берді.

Рапиль Жошыбаев атап өткендей, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін және энергияның жаңартылмалы және экологиялық таза болуының маңызын есепке ала отырып ұсынған "Болашақтың энергиясы" атты тақырыбы халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығын тудырады.

Қазақстандық дипломаттардың келіссөздері қазақстандық кандидатураны алға жылжытуда ерекше маңызға ие болып, Сан-Марино Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға негіз қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны