02.04.2018, 16:45 5628

Сарапшылар: Қазақстанда халықты никотин тұтынудыӊ зияны аздау баламалары туралы хабардар ету қажет

Бәлкім, темекі шегудіӊ "қорқынышты" салдары туралы айтып, тыйым салатын емес, ал жастарымызды салауатты өмір салтына көшуге экономикалық ынталандыру уақыты келген болар. Мәселен, сигареттерді қабылдап (макулатура мен шыны ыдыстарды қабылдайтын орындар сияқты), спорт залына баратын абонементке ауыстыруды (жинақтау жүйесі бойынша) ұйымдастыру. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау болса, мұндай жүйе бизнеске де тиімді болады деп ойлаймын", - деп ой түйіндеді Гүлнар Құрбанбаева.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "Аман-саулық" қоғамдық қоры мен Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) Алматы қаласыныӊ студенттері арасындағы темекі шегу проблемасын зерттеуге арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Темекі шегудіӊ зияны туралы білетіндіктеріне қарамастан, жастар осы зиянды әдеттен арылуға аса ықылас таныта қоймайды, бұл темекі шегудіӊ зияны туралы тиімді насихаттаудыӊ қажеттігін айғақтайды.

Іс-шарада Бақыт Ниязбекқызы Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Гүлнар Төретайқызы Құрбанбаева, "PROFI-T" тиімді басқару және бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігініӊ президенті, ҚР Үкіметініӊ кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясыныӊ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топ басшысыныӊ орынбасары, сондай-ақ, Асылбек Базарбайұлы Қожахметов, AlmaU президенті, DBA, Қырғыз Республикасы Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ құрметті профессоры, спикер ретінде қатысты.

Сарапшылар Алматыныӊ жоғары оқу орындарында оқитын жастар арасындағы темекі шегу проблемасын зерттеу нәтижелерін ұсынды және халықты никотин тұтынудыӊ ғылыми негізделген, зияны аздау баламалары туралы белсенді түрде хабардар ету арқылы оныӊ зиянын барынша азайтуға болатындығы жөнінде әӊгімеледі.

Зерттеуді жүргізу үшін AlmaU университетініӊ 1-ші курсында оқитын 50 студент тартылды, олар 2017 жылғы 20 қарашадан 25 желтоқсанға дейін Алматыныӊ темекі шегетін студенттері арасында сауалнама жүргізді. Барлығы 671 респондент, соныӊ ішінде 38% әйел жынысты, 62% ер жынысты студенттермен сауалнама жүргізілді. 18 жастан 22 жасқа дейінгі жас деӊгейінде - 61%, 22 жастан 25 жасқа дейін - 24% және 25 жастан жоғары - 15%. Темекі шеккендеріне бір жыл толмаған респонденттер - 37%, бір жылдан 5 жылға дейін - 40%, 5 жылдан астам темекі шегетіндер - 23%. Сауалнамаға жауап бергендердіӊ 31%-ы күніне 5 және одан аз темекі шегеді, 35%-ы - күніне 5-тен бастап 10-ға дейін, 23%-ы - күніне 11-ден бастап 20-ға дейін және 11%-ы күніне 20-дан астам темекі шегеді.

Респонденттердіӊ 75%-ы акциздердіӊ үнемі жоғарылап, соныӊ салдарынан темекі өнімдерініӊ бағасы өсіп отыратындығы туралы біледі. Респонденттердіӊ 41%-ы бағаныӊ өсуіне байланысты темекі шегуін мүлдем өзгертпек емес; респонденттердіӊ 16%-ға жуығы азырақ темекі шегуге тырысады, бірақ сигарет маркасын өзгертпейді, 10%-ы арзанырақ маркаға көшкен және 8%-ы никотин тұтынудыӊ басқа тәсілін қолданып, темекі шегуден бас тартуды ойлайды. Сауалнамаға қатысқандардыӊ 25%-ы темекі шегуден бас тартуға күш салуды жоспарлайды, бірақ оны қалай жасау керектігін білмейді.

Респонденттердіӊ 43%-ы темекі тұтынудыӊ басқа тәсілін қолданып, сигареттен толық бас тарту мүмкіндігін қарастырады. Бұл ретте 35%-ы электронды сигареттерді (вейптарды), 33%-ы қорқорды, 15%-ы насыбайды, 11%-ы темекіні қыздыру жүйесін (айкос) және 6%-ы сигараларды, орама шылымды балама ретінде қарастырады. Дәстүрлі сигареттерден бас тартуды ойламайтын респонденттердіӊ 48%-ы оларға дәстүрлі темекі шегудіӊ ұнайтындығын айтса, 18%-ы баламалы тәсілдерініӊ дәстүрлі темекі шегуден қымбатқа түсетіндігін атап көрсетеді, бірақ денсаулыққа зияныныӊ азырақ болатындығын да түсінеді және оларды қолайлы бағамен пайдалану мүмкіндіктерініӊ болғанын қалайды, ал 10%-ы темекі шегуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулер темекіні тұтынудыӊ баламалы тәсілдеріне де таралады деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардыӊ 24%-ында белгілі бір пікір қалыптаспаған.

"Жай ғана темекі шегудіӊ зияны туралы айтудыӊ қажеті жоқ. Оны бәрі анық біледі. Бірақ жүргізілген зерттеу көрсетіп отырғандай, темекі шегетін әрбір төртінші жас адам ғана бүгінде осы зиянды әдеттен арылуға дайын. Бәлкім, темекі шегудіӊ "қорқынышты" салдары туралы айтып, тыйым салатын емес, ал жастарымызды салауатты өмір салтына көшуге экономикалық ынталандыру уақыты келген болар. Мәселен, сигареттерді қабылдап (макулатура мен шыны ыдыстарды қабылдайтын орындар сияқты), спорт залына баратын абонементке ауыстыруды (жинақтау жүйесі бойынша) ұйымдастыру. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау болса, мұндай жүйе бизнеске де тиімді болады деп ойлаймын", - деп ой түйіндеді Гүлнар Құрбанбаева.

Сауалнамаға қатысқандардыӊ 27%-ы - никотинді; 28%-ы шайыр мен түтінді еӊ зиянды компонент деп санаса, 45%-ы барлық компоненттерді теӊ дәрежеде зиянды деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардыӊ 63%-ы темекі шегудіӊ негізгі қаупі темекініӊ жануынан болатындығын біледі, осы процесс барысында көп мөлшерде улы компоненттер түзілетін түтін пайда болады.

Респонденттердіӊ 12%-ы зиянныӊ азырақ болатындығы туралы ғылыми тұрғыдан дәлелденген мәліметтер болса да, темекі шегудіӊ зияны аздау баламалы тәсіліне көшуге келіспейтіндіктерін білдірді. 44%-ы баламалы тәсілге көшуге келісетіндіктерін айтса, тағы 44%-ы бұл жөнінде еш пікір білдірмейді. Сауалнамаға қатысқандардыӊ 48%-ы никотин тұтынудыӊ зияны аздау тәсілдері туралы қоғамдастықты хабардар етуді маӊызды деп санайды.

Асылбек Қожахметов, жыл сайын акциздерді жоғарылатып, соныӊ нәтижесінде темекі өнімдерініӊ бағасын көтерудіӊ темекі шегумен күресуде тиімсіз тәсіл болып табылатындығын айтады. Осылайша, сауалнамаға қатысқандардыӊ жартысынан көбі (51%), сигарет тартудан басқа, үнемі темекі шегудіӊ басқа да тәсілдерін пайдаланатындықтарын мойындайды.

"Респонденттердіӊ басым бөлігі дәстүрлі сигарет тартудыӊ баламасы ретінде вейп электронды сигареттерін (35%) және қорқорды (33%) қарастырады, өйткені оларда жану процесі болмайтындығын және канцерогенді шайырдыӊ түзілмейтіндігін түсінеді. Ирі сауалнамаға қатысқандардыӊ 44%-ы, зиянныӊ азырақ болатындығы ғылыми тұрғыдан негізделіп, дәлелденсе, никотинді тұтынудыӊ зияны аздау баламалы тәсілдеріне көшуге келісетіндіктерін білдіреді. Алынған деректер қолда бар ғылыми деректердіӊ қатардағы тұтынушы назарына жеткізілмейтіндігін айғақтайды. Халықты ғылыми тұрғыдан негізделген, никотин тұтынудыӊ зияны аздау балаламалары туралы белсенді түрде хабардар ету қажет. Еӊ бастысы, бұл өнімдерде жану процесініӊ болмағаны керек", - деп атап көрсетті Бақыт Түменова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны