28.10.2016, 09:27 4301

Сарыағаш ауданында 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мыӊ теӊге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today -Кеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерекесініӊ аясында Сарыағаш қаласыныӊ Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Нысанныӊ ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Ибдуалиев, "Нұр Отан" Сарыағаш аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаӊа ғимараттыӊ лентасын қиды.

Балабақша 320 орындық, құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мыӊ теӊге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ 2010 жылғы 29 қаӊтардағы Қазақстан халқына арнаған "Жаӊа онжылдық-жаӊа экономикалық өрлеу-Қазақстанныӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес "Балапан" бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деӊгейі 83,4 % құрап отыр.

2015 жылдыӊ 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы есебініӊ тезистеріне сәйкес, "Балапан" бағдарламасыныӊ орындалуына мынадай болды:

Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 194, ондағы 1-6 жас аралығындағы тәрбиеленуші балалар саны -18 983. Оныӊ ішінде, мемлекеттік балабақшалар саны - 28, ондағы бала саны - 3875; шағын орталықтар саны - 35, ондағы бала саны- 2353; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негіздегі балабақшалар саны-131, ондағы 12 472 бала тәрбиеленуде. 2015 жылдыӊ 6 айында 3-6 жастағы 18 776 бала қамтылған немесе қамтылу деӊгейі 78,0% құрады.

Ағымды жыл соӊына дейін 610 орындық 4 бала бақшаларды іске қосу межеленіп, жыл соӊына жоспарланған 80,0% қамтуды толық орындау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны