23.09.2015, 12:15 5908

Сарыагашта тағы да "гербалайф" ұсталды

Еліміздіӊ оӊтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядыныӊ наряды (ОҚО, қазақ-өзбек шекарасы) теміржол вагондарына тексеру өткізу кезінде иесіз жатқан бір қорап табылды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ оӊтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядыныӊ наряды (ОҚО, қазақ-өзбек шекарасы) теміржол вагондарына тексеру өткізу кезінде иесіз жатқан бір қорап табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қорапты ашып қарағанда одан 55 банка "гербалайф" өнімі шықты.

Атап өту керек, аталған өнімніӊ бір банкасы 7000 теӊгеден сатылады.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Мұндай өнімді сарыағаштық шекарашылардыӊ бірінші рет ұстауы емес. Естеріӊізге сала кетелік, осы жылдыӊ 3-қыркүйегі күні "Сарыағаш-теміржолы" бақылау-өткізу бекетініӊ (Оӊтүстік Қазақстан облысы) шекара наряды "Сарыагаш - Келес" бағытында келе жатқан жүк пойызына қызметтік "Зевс" атты иттіӊ көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде оныӊ жартылай жабық вагонына жасырылған 7 қорапты тапты. Иесіз жатқан жүкті тексеру барысында адам салмағына әсер ететін "Herbalife" өнімін анықтады.

Осыған ұқсас тағы бір дерек 28.08.2015 жылы анықталғандығын еске сала кетелік. Онда да осы "Сарыағаш" бақылау-өткізу бекетінде "Herbalife" фирмасыныӊ өнімі ұсталып, оныӊ салмағы 50 кг құраса, жалпы құны 4 млн. теӊгеге жеткен еді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны