19.10.2018, 20:14 4092

Сарыағаштық шекарашылар құны 5 400 000 теӊге тұратын контрабандалық заттыӊ және 40 100 АҚШ долларыныӊ елден шығуына тосқауыл болды

Ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан 5 400 000 теӊгеніӊ декларацияланбаған тауарларын (449 дана газ құбырыныӊ есептегішін) жасырын алып өтпек болыпты. Тауар тәркіленіп тиісті орындарға өткізілді.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш" теміржол көліктерін өткізу бөлімшесініӊ шекара наряды "Рыбачий - Ташкент" бағытымен кетіп бара жатқан пойыздыӊ вагонынан Өзбекстан Республикасыныӊ азаматын ұстады. Ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан 5 400 000 теӊгеніӊ декларацияланбаған тауарларын (449 дана газ құбырыныӊ есептегішін) жасырын алып өтпек болыпты. Тауар тәркіленіп тиісті орындарға өткізілді.

Артынша "Қазығұрт" автокөліктерді өткізу бөлімшесінен хабар келді. Ол жердегі шекара наряды елден шығып бара жатқан, жүргізушісі Өзбекстан азаматы, Лексус 570 автокөлігін кеден қызметкерлерімен бірге тексеру кезінде 40 100 АҚШ долларыныӊ заӊсыз әкетіліп бара жатқандығын анықтаған. Акт жасалынып, тиісті орындарға тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны