03.04.2013, 15:36 10641

Сәуірде Қазақстанның бес облысында газ бағасы қымбаттайды

Бұл жөнінде "Ағымдағы жылдың сәуір айында реттемелі қызметтердің тарифтері туралы" брифинг кезінде ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Сәуірде Қазақстанның бес облысында газ бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде "Ағымдағы жылдың сәуір айында реттемелі қызметтердің тарифтері туралы" брифинг кезінде ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

"Газ бағасы Батыс Қазақстан облысында 28,3%-ға (1000 м3 үшін 12,733 теңге) және Маңғыстау облысында 24,5%-ға (1000 м3 үшін 7,952 теңгеден басталады) өседі. Оңтүстік Қазақстан облысында 0,27%-ға (1000 м3 үшін 20,529 теңге), Қызылорда облысында 0,18%-ға (1000 м3 үшін 5,932 теңге) және Жамбыл облысында 1% -ға (1000 м3 үшін 13,763 теңге) құнын құрамақ", - деп атап өтті А.Алпысбаев.

Тарифтердің қымбаттауына сатып алынатын газ құнының 44%-ға өзгеруі, сондай-ақ таратушы желілер бойынша газ тасымалдау тарифтерінің 5%-дан 12%-ға артуы себеп болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны