04.04.2012, 12:29 3501

Сәуірдің 5-нен бастап "Эйр Астана" ішкі рейстерге билет бағасын қымбаттатады

"2012 жылдың 5 сәуірінен бастап авиациялық керосин бағасының қымбаттауын өтеу мақсатында "Эйр Астана" әуе компаниясының ішкі рейстеріне билет бағасын 16%-ға қымбаттатуға алып келетін жанармай жинағы енгізіледі", - делінген хабарламада.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Сәуірдің 5-нен бастап "Эйр Астана" ішкі рейстерге билет бағасын қымбаттатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Иуе компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"2012 жылдың 5 сәуірінен бастап авиациялық керосин бағасының қымбаттауын өтеу мақсатында "Эйр Астана" әуе компаниясының ішкі рейстеріне билет бағасын 16%-ға қымбаттатуға алып келетін жанармай жинағы енгізіледі", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметіне қарағанда, 2012 жылы керосиннің босату бағасы 2010 жылмен салыстырғанда 200 %-ға қымбаттаған. Тиісінше 2012 жылы әуе компаниясының жанармайға кеткен шығындары 2011 жылмен салыстырғанда 61%-ға ұлғайып, әуе компаниясы жалпы шығынының 30%-ын құрайды деп болжануда. Бағаның қымбаттауы 2012 жылдың қаңтар-ақпанында әуе компаниясын 10,9 млн доллар көлемінде шығынға батырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны