22.12.2011, 14:56 3554

Секисовкадағы төтенше жағдай жойылды

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өскемен. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Секисовкадағы төтенше жағдай жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Глубоков ауданының Секисовка ауылындағы төтенше жағдай жойылды.

Бүгінгі күні "Қазгидрометтің" зерттеулері бойынша, барлық өзендердің арналары тазаланған. Мал су ішуге жарамды. Су тасып әкелінбейді. Су айдайтын мұнара толық көлемде жұмыс істеп тұр. Секисовка және Волчевка өзендеріндегі судың сапасына қатысты жағдай толық тұрақталды. Судың құрамында улы заттар байқалмайды, цианида белгіленген шектегі деңгейден анағұрлым төмен.

Алынған ақпараттарға сәйкес облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшылары Георгий Дудукалов, Бауыржан Еркеевтермен кездесті. Кездесу барысында орын алған апаттың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды. Аймақ басшысы оқиға орнына өзі барып, төтенше жағдайдың әкелген зардаптарын көзімен көрді. Ол келтірілген зиян мен шығынның мөлшері туралы анықтап білді. Осы және көпшілікті мазалаған басқа да мәселелердің барлығына да қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны