28.12.2007, 13:18 2728

Семей аймағында 2008 жылы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарлануда

Семей аймағында 2008 жылы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарлануда

Семей. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында 2008 жылы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Семейдің әкімі Мейрамхат Айнабеков құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алдағы жылы үлкен өзгерістер болады. Көлік-логистикалық орталығын саламыз, бізде мұнай болмағандықтан, біз Семейдің жағрафиялық орналасуын тиімді пайдаланамыз. Қытай мен Ресей жақын ", - деді қала әкімі.

"Бұлақ ГЭС құрылысын бастаймыз. Бұл жоба корпоративтік жетекші 30 бағдарламасы қатарына кіреді. Қазір электр қуатына үлкен жүктеу түсіп отырғандықтан, бизнес иелері өте ауыр жағдайда. Егер ГЭС-ті тұрғызатын болсақ, онда элек қуатының өзіндік құны төмендейді ", - деп атап кетті М. Айнабеков.

Қала әкімі айтқанындай, 2008 жылы өзен вокзалы, 1200 орынға арналған мектеп, сауықтыру-спорт орталығы, халықаралық вокзал, балалардың құрт ауруына қарсы ауруханасы, балалар бақшасы және дәрігерлерге арналған тұрғын- үй құрылыстарын салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны