12.03.2007, 13:11 3707

Семей әкімі отставкаға кетті

СЕМЕЙ. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Семей әкімі Нұрлан Омаров отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Омаровтың журналистерге хабарлауынша, ол басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтен кету туралы өтініш білдірген. Бірақ ол дәл қандай қызметке ауысатынын хабарлаған жоқ. "Маған бірнеше ұсыныс келіп түсті. Солардың бірі - "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалын басқару. Ийтсе де мен бір айға рұқсат алып, демалуды және ой қорытуды, сосын барып бағыт-бағдарымды айқындауды ұйғардым",- деді Н.Омаров.

Ол журналистерге ынтымақтастығы үшін ризашылық білдіріп, Семей қаласының әкімі қызметінде атқарған жұмыстарын мақтан тұтатынын атап өтті. "Өз басым орынтағымды шынайы қанағаттанғандық сезіммен, абыроймен тастап барамын, ұзақ уақыт бойы өз қалама қызмет еткеніме қуанамын",- деді ол.

Н.Омаров Семей қалалық әкімшілігін 2000-2001-жылдар және 2003-2007-жылдар аралығында екі мәрте басқарды. Жалпы алғанда ол қалаға 4 жыл 10 ай басшылық еткен.

Семей қалалық әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, қаланың жаңа әкімі бүгін тағайындалады. Жаңа басшыны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны