20.12.2006, 18:34 3616

Семей қаласында жаңа жылдық атрибуттар тарихының көрмесі ашылды

СЕМЕЙ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Семей қаласында жаңа жылдық атрибуттар тарихының көрмесі ашылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

№ 6 мектеп-гимназиясы базасында ашылған "Сәлем, шырша" экспозициясына өткен жүз жылдықтардағы жаңа жылдық бетперделер, сыйлық орамалар, ойыншықтар мен ашық хаттар қойылды. "Бұл балалардың өз отбасындағы салт-дәстүрлерге деген махаббатын ояту үшін және де ойыншықтар арқылы өткен заманның тарихын көрсету үшін жасалды", - дейді мектеп-гимназияның өлкетану мұражайының меңгерушісі Любовь Кравченко.

Көрменің басты экспонаты 70 жылдай сақталған жасанды шырша болды. "Осы шыршадағы ойыншықтарға да сонша жыл. Олар қазір тек көз құмарын қандырып қана қоймайды, сонымен қатар тарихи қызығушылықтар тудырып, өткен ғасырлар туралы көп қызықтардан хабардар етеді",- деді Л. Кравченко. "Ирбір ойыншық - бұл біреудің балалық шағы, біреулердің тағдыры. Осы ойыншықтар арқылы балаларда өздерінің аталары мен апаларының қалай өмір сүргендігі туралы түсінік қалыптасды. Мен балалардың өз жанұяларының салт-дәстүрлерін жалғастырып, өз отбасының тарихын білсе деймін", - деді ол.

Көрме көрермендеріне пиротехникалық заттар мен от шашулар туралы ақпарат беретін бөлім де ұсынылды. "Біз олардың шығу тарихы туралы ғана емес, пиротехниканың қандай зардаптар әкелетіндігі туралы да айтамыз", - деді

Л.Кравченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны