08.12.2012, 18:27 3604

Семей қаласында жеткілікті тұрақтандыру қоры жасалуда

Бұл туралы кеше журналистермен кездесуде Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Шаған Жұмақсанов пен кәсіпкерлік бөлімінің бастығының орынбасары Мақсат Қайранбаев мәлім етті.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әдеттегі азық-түліктің қымбаттауы тұрақтандыру қоры тізіміне енген тауарларға әсер етпейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше журналистермен кездесуде Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Шаған Жұмақсанов пен кәсіпкерлік бөлімінің бастығының орынбасары Мақсат Қайранбаев мәлім етті, деп хабарлады Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі күнге жеміс-көкөніс өнімінің қоры 35 950 тоннаны құрайды, бұл қор келесі жылдың мамыр айына дейін жетуі тиіс. Тұрақтандыру қорының әлеуметтік бөлімдерінде картоп, сәбіз, сарымсақ және қызылша бағасы килограмына 50-ден 60 теңгеге дейін болады. Бүгінгі күнде қолжетімді жеміс-көкөніс өнімдерін қаланың 40 сауда орындарынан табуға болады. Кәсіпкерлік бөлімі өкілінің айтуы бойынша, қазіргі күнде қант, күріштің нарықтық бағалары тұрақтандыру қорының бекітілген бағаларынан төмен, сондықтан "Приречное" агрофирмасының арзан көкөністері халықтың сұранысына ие.

Қалада бірінші сұрып ұнының қажетті қоры бар (2 451 тонна). Илеуметтік ұнның бағасы 51 теңгеден, нанның бағасы 50 теңгеден аспайды.

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен "Шығыс Самғау" ЖШС қала базарларымен ("Жаңа базар", "Мереке") ет өнімдерін өткізу жөнінде келіссөз жүргізуде. Бүгінгі күнде 30 тонна сиыр етін сатып алу жүзеге асырылған, жақын күндері килограмына 1000 теңгеден сатылатын болады.

Баспасөз мәслихаты соңында Мақсат Қайранбаев кәсіпкерлердің тұрақтандыру қоры өнімдерін сатуға қызығушылық танытпайтынын атап өтті. Былтырғы жылы әлеуметтік тауарларды өткізумен айналысқан сауда орындарының 50% ғана ағымдағы маусымда тұрақтандыру қорымен әріптестікті жалғастыруға ниет білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны