03.03.2010, 15:16 3220

Семей маңында 30-градустық аязда спортшылар отырған автобус бұзылды

Семей маңында 30-градустық аязда спортшылар отырған автобус бұзылды

Семей. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Семей маңында 30-градустық аязда спортшылар отырған автобус бұзылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД ақпаратына сәйкес, кеше сағат 23 шамасында қаладан 50 шақырым жерде Өскемен - Семей трассасында "Шаолинь" автобусы бұзылды. Автобуста спортшылар, соның ішінде 17 бала мен 2 жаттықтырушы болған. Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялады.

Сондай-ақ, Семейде бүгін 1 мен 9 сыныптар аралығында сабақ тоқтатылды.

Бүгін таңертең Семейде ауаның температурасы 29 градус аязға дейін төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны