20.09.2007, 15:00 3082

"Семей орманы" резерватының автопаркі орманды күзетуге арналған жаңа көліктермен толықты

"Семей орманы" резерватының автопаркі орманды күзетуге арналған жаңа көліктермен толықты.

Семей. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Семей орманы" резерватының автопаркі орманды күзетуге арналған 20 жаңа көліктермен толықты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғат резерватының бас директоры Павел Струков мәлім етті.

Оның айтуынша, "көліктер орманға санитарлық отау жүргізуден түскен резерваттың жеке қаржысына сатып алынған". Барлығы "УАЗ-31590" маркалы 8 көлік, "УАЗ-396259" маркалы 13 көлік сатып алынған, олардың жалпы құны 34 млн 983 мың теңгені құраған. Бүгін бұл көліктер Семей орманы" мемлекеттік орман табиғат резерватының бөлімшелеріне бөлініп берілді.

"Бүгінгі күнде әрине кейбір бөлімшелерді жабдықтағымыз келеді, бірақ бүгінгі қадам біздің ісіміздегі үлкен алға жылжу",- деп атап өтті Павел Струков.

Ол сондай-ақ, резерват соңғы бес жылда бірінші рет өз қаржысына техника сатып алғандығын атап көрсетті. 2008 жылы резерват басшылығы орман отырғызу материалдарын тасымалдау үшін тағы 5 жүк көлігі мен өрт сөндіруде пайдаланатын "МТЗ-82" маркалы бірнеше трактор сатып алуды жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны