14.08.2009, 16:33 2834

Семей су жолдары кәсіпорны жетекке алуға және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған екі жаңа кеме алды

Семей су жолдары кәсіпорны жетекке алуға және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған екі жаңа кеме алды

Семей. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Семейде республикалық мемлекеттік "Семей су жолдары кәсіпорны" қазыналық мекемесі жетекке алуға және өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған екі жаңа кеме алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне кәсіпорын директорының орынбасары Виктор Рубцов хабарлады.

Оның айтуынша, қазір Семейдегі өзен флотында ескірген 24 кеме бар, олардың басым бөлігі жарамсыз болып қалған. Флотты жаңғырту жұмыстары тек 2007 жылы ғана басталған, содан бері су жолы кәсіпорны 4 жаңа кеме алды. Ал жуырда ол "Алмаз -3" атты жетекке алушы кеме мен "Эколог-2" атты тазартушы кемеге ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны