19.02.2007, 15:49 3077

Семейде 2007 жылы мал қорымы мен қатты тұрмыс қалдықтарын тастайтын орын салынбақ

СЕМЕЙ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде 2007 жылы мал қорымы мен қатты тұрмыс қалдықтарын тастайтын орын салынбақ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық әкімшілігінің жанындағы ауылшарушылық бөлімінің меңгерушісі Амантай Доғалақов хабарлады.

Оның сөздеріне сүйенсек, мал қорымының қажеттілігі бұрыннан бері туындаған. Қазіргі уақытта, қалада тек жалғыз мал қорымы бар. Оның салынғанына 20 жылдан асты, баяғыда-ақ толып қалған. Бұл проблема қала басшыларының алдында бірнеше рет көтерілген, ол тек биыл ғана өз шешімін тапты.

Мал қорымының техника-экономикалық негіздемеін жасауға қалалық бюджеттен 960 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, мал қорымы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орнын салудың жоба-сметалық құжаттарын дайындауға тағы 3 млн теңге бөлінеді деп күтілуде.

А. Доғалақов нысанның құрылысы қар ерісімен басталатындығын хабарлады. Оны 2007 жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны