15.01.2007, 18:11 3162

Семейде гепатиттің А түрі тағы үш адамнан табылды

СЕМЕЙ. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейдегі гепатиттің А түрімен алғаш рет ауырғандардың саны тағы үш адамға өсті. Бұл туралы журналисттерге Семей қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Төлеухан Нұрмағамбетов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, бір апта ішінде дерт жұқтырғандар саны 40 -тан 43 адамға дейін өсті, оның 13-і балалар. Жұқпалы аурулар ауруханасында 23 адам, яғни 5 бала және 18 ересек адам емделуде. Жалпы А түріндегі гепатитке қатысты Семейдегі ахуалы бірқалыпты, деп түйіндеді Т. Нұрмағамбетов.

Сонымен қатар, Семейдің № 31 орта мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі Наталья Потапованың ақпараттарына сәйкес, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің шешімімен бұл мектепте алдын-алу шаралары жүргізілуде. Бұл жерде гепатиттің А түрімен ауырған 3 оқушы анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны