20.12.2006, 14:23 3221

Семейде қаланың жаңа жылдық бас шыршасы орнатылды

СЕМЕЙ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Семей қаласының орталық алаңында қаланың жаңа жылдық бас шыршасы орнатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Семей әкімшілігінің жанындағы ішкі саясат бөлімінің қызметкері Игорь Паниннің ақпаратына сүйенсек, шырша қалаға облыстық департамент тарапынан Чермшанск орман шаруашылығынан бөлінген. "Семейге 18 метрлік шыршаны жеткізу үшін адамдар көптеген оқиғаларға тап болды. Шыршаны артқан КамАЗ қатты боран салдарынан екі тәулік бойы тауда тұрып қалды. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің Шемонаиха аудандық басқармасының қызметкерлерін жұмылдыруға тура келді, олар бөлген КА-700 тракторы жүк көлігін қар құрсауынан шығарды",- деді ол.

И. Паниннің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күннің екінші жартысында шыршаны безендіру басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны