22.01.2007, 14:08 2834

Семейде "Қауіпсіз жол" атты іс-шара жүргізілген үш күнде 700 жол ережесін бұзу дерегі анықталды

СЕМЕЙ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде "Қауіпсіз жол" атты іс-шара жүргізілген үш күнде жол полицейлері 700 жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Бұл туралы журналистерге ІІБ жол полициясының қалалық бөлімінің бастығының орынбасары Серікқали Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С. Жұмановтың ақпараттарына сүйенсек, жол полициясының бөлімі 18-нен 20-шы қаңтар аралығында қалада республикалық маңызы бар "Қауіпсіз жол" атты жедел - алдын-алу шараларын жүргізген. "Осы күндері полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 700 деректі анықтап, жолын кесті, атап атсақ 126 адам жылдамдық режимін бұзса, 60 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген, 27-сі жүргізуші куәлігінсіз көлікті жүргізсе, 8 жүргізуші апаттық жағдай тудырғаны үшін жазаланған, ал 65 көлік ақылы айыппұл тұрағына қойылды",- деді ол.

"Рейдтік іс-шара апат деңгейін тұрақтандыру және қала жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді",- деді С. Жұманов.

Жол полициясының мәліметтеріне сүйенсек, өткен аптада қала бойынша 1253 жол қозғалысының ережесін бұзу дерегі анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны