10.12.2007, 12:21 3116

Семейде казачкалар күні аталып өтті

Семейде казачкалар күні аталып өтті

Семей. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Семейде ғасырлық тарихы бар казачкалар күні мекересе аталып өтті. Бұл туралы агенттік тілшісіне полковник Наумов атындағы Жетісу казак әскерлері бөлімінің атаманы Владимир Сериков хабарлады.

"Бұл мерекені біз көп жылдардан бері бірінші рет атап өтіп отырмыз. Енді болашақта бұл казактар мәдениетін жандандыру ісінің жақсы бастамасы болады деген сенімдеміз", - деді В. Сериков.

Мерекені Жетісудың казактар одағы ұйымдастырды. Бұл мереке, сондай-ақ, Семей казактарының мәдени қоғамының құрылу күніне де орайластырылды.

"Одақтың қызметі казактардың салт-дәстүрін жандандырып, бүгінгі заманға икемдеп пайдалануды көздейді. Біз казактардың сөйлеу мәнерін, осы күнге жете алмаған ата-бабаларымыздың әндерін, мәдениетімізде көрсеткіміз келеді. Бұл казактар одағы жамағатының басты міндеті ", - деді В. Сериков.

В. Сериковтың сөздеріне қарағанда, казачкалар күні 16 ғасырдың 70 жылдарынан келе жатқан әдет-ғұрып.

"Сол уақытта, түріктермен соғысқа аттанған казактардың орнына , олардың әйелдері Науыская станциясын шеркештер мен түріктердің шапқыншылығынан қорғап қалды. Тұра сондай батырлықты, кубандық әскерінің казакчалары Мариинская станциясында қайталады ", - деп әңгімеледі В. Сериков.

В. Сериков айтқанындай, өткен жылы Семейде казак әйелдерінің кеңесі құрылып, оның құрамына 20 әйел кірді. Мерекенің өткізілуі барысында Семей аймағының ең беделді казачкаларына Жетісіу казактар одағынан грамоталары табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны