03.12.2007, 18:12 3230

Семейде тасымалдаушылар 2008 жылдан бастап бағытты таксилерде жүру жолақысын көтеруді жоспарлауда

Семейде тасымалдаушылар 2008 жылдан бастап бағытты таксилерде жүру жолақысын көтеруді жоспарлауда

Семей. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жанармайдың қымбаттауына байланысты тасымалдаушылар 2008 жылдан бастап бағытты таксилерде жүру жолақысын көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Комплекс-2" ЖШС сілтеме жасай отырып.

ЖШС бас инженері Жаңатай Жарылғановтың ақпараттарына сүйенсек, Семейде қазіргі уақытта бағытты таксилерде жүру жолақысы Қазақстан бойынша ең төмен - 35 теңге. "Жұмыс істеу тиімсіз, жүргізушілер жетіспейді. Жаңа жылға дейін шыдаймыз, ал Жаңа жылдан кейін ойланамыз",- деді Жаңатай Жарылғанов.

Ол, сондай-ақ жанармаймен қатар микроавтобус бөлшектерінің де екі есеге дейін қымбаттағандығын айтып өтті. Жолаушылар көлігін басқару орталығындағылар, қоғамдық көліктердегі жолақыны көтеру оңай емес, деп атап өтті. "Мұны тасымалдаушылар ғана шешпейді, бізде тендерлер жүргізетін көлік департаменті бар, олардың өздерінде жолақының бағасын көтеретін құқықтары жоқ",- деп түсіндірді жолаушылар көлігін басқару орталығының директоры Марат Дәулетов. Сонымен қатар, ол қала тұрғындарының өтініші бойынша кешкі уақыттарда жүретін 17 қосымша рейстік микроавтобустар қосылғандығын хабардар етті. "№ 201 бағыты бойынша аралығы 20 минуттан жүретін алты рейс, сондай-ақ аралық уақыттары 30 минуттан № 202, № 203 және № 208 бағыттағы рейстер қосылды",- деп хабарлады Марат Дәулетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны