09.11.2006, 18:17 3173

Семейде тұмауға қарсы вакцина жетіспеушілігі байқалуда

СЕМЕЙ. 9 қараша. Kazakhstan Today. Семейде тұмауға қарсы бөлінген вакцина қажет көлемнен 20 есе аз, деп мәлімдеді мемлекеттік санэпидбақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің маманы Айгүл Жалғабаева.

Оның мәліметтрінше, мемлекеттік санэпидбақылау департаменті тұмауға қарсы вакцинаның 10 мың данасына тапсырыс берген. Алайда тапсырыстан бүгінгі күні 500-і ғана қолға тиді. Бұл әрине мүлдем аз. Осымен мұндай жағдайға екінші мәрте душар болып отырмыз. Мысалы, өткен жылы 1300-ақ берілген, ал оның арғы жылы бөлінген дәрінің саны 12 мың дана болатын",-дейді Жалғабаева.

Маманның айтынша, вакциналар алдымен балалар үйлері мен қарттар үйлеріне жіберіледі.

Бүгінгі таңда Семейде әлі де бір адамның тұмауға шалдыққаны туралы дерек тіркелмеген. Ауруға шалдығу оқиғалары әдетте қараша айында басталады.

Қазіргі кезде мемлекеттік санэпидбақылау мекемесінде эпидемиологиялық маусымға дайындық жоспары жасалып қойды. Қаланың екі ауруханасында тұмауға шалдыққандарды қабылдайтын арнайы бөлімшелер белгіленді, егу бөлмелері ашылып, демперделер дайындалынуда. Қала бойынша тұмауға қарсы вакцина жеткізетін бір ғана фирма бар. Олардың қолында қазір тек 350 дана вакцина бар. Ирине бұл жеткіліксіз. Өткен жылы 3 жарым адам ақы төлеп екпе жасатқан,-деді Жалғабаева.

Сонымен қатар, ол қаладағы барлық өндіріс басшыларының барлығына жұмысшыларына тұмауға қарсы егу жасатуларын ескертіп хат жіберілгені туралы хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны