19.08.2008, 18:14 2926

Семейде жанып кеткен 6 пәтерлі үйдің тұрғындары қала әкімінен көмек сұрап отыр

Семейде жанып кеткен 6 пәтерлі үйдің тұрғындары қала әкімінен көмек сұрап отыр

Семей. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жанып кеткен 6 пәтерлі үйдің тұрғындары қала әкімінен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, Семен Тянь-Шанский көшесіндегі №6 үй шілде айының басында өртенген. Сол кезде екі зейнеткер үйлерінен шыға алмай қалып, тірідей өртеніп кеткен. Содан бері айдан астам уақыт өтсе де адамдар жартылай қираған ғимаратта өмір сүруде. "6 отбасы көшедеқалған 15 адамбыз", - дейді тұрғындар.

"Бізге әкімдіктің шешімі қыркүйек айында қабылданады деген. Егер көмектеспесе, Астанаға хат жолдаймыз", - деп сөздерін түйіндеді өртенген үйдің тұрғындары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны