07.09.2006, 14:49 3235

Семейде "Жасөспірім" шарасы өткізілген үш күнде кәмелеттік жасқа жетпеген 29 бала ұсталды

СЕМЕЙ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейде "Жасөспірім" шарасы өткізілген үш күнде қоғамдық орындардағы әкімшілік заң бұзушылықтар үшін кәмелеттік жасқа жетпеген 29 бала ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей ІІБ-ның кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Лариса Новикова хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталған 29 жасөспірімнің 26-сы ішімдікпен әуестенсе, үшеуі бұзақылығы үшін құрықталған.

Шара барысында Иуезов полиция бөлімінің қызметкерлері пәтерлер мен дүкендерде жасалған 15 ұрлық оқиғасына қатысы бар күдікті жасөспірімді ұстады. "Ол ұрлықты кәмелеттік жасқа жетпеген басқа да сыбайластарымен бірлесіп жасаған",- дейді аға инспектор Асхат Қасымов.

Шұғыл-профилактикалық "Жасөспірім" шарасы 8-қыркүйекке дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны