16.01.2008, 15:28 1742

Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды

Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды

Семей. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің мектептерінде қатты аяз салдарынан екінші ауысым бойынша оқитындардың сабақтары тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

"Қазіргі уақытта ауа температурасы 25 градус аязды көрсетіп тұр. Сондықтан да екінші ауысым бойынша оқитын 1 - 4 сынып оқушылырының сабақтарын тоқтату жөнінде шешім қабылданды",- деп түсіндіріп өтті кезекші бөлімдегілер.

Төтеше жадайлар басқармасындағылар сондай-ақ, ауа райы түстен кейін суыта бастағандығын атап өтті. "Семейде күн батқаннан кейін 26 градус аяз болған, бірақ таңертең сағат 8 шамасында термометр көрсеткіші 22 градусқа дейін көтерілген, сондықтан да бірінші ауысымда оқитындар бүгін сабақтарын оқыған",- деп қосты төтеше жағдайлар басқармасындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны