28.10.2007, 18:31 3210

Семейдің өрт сөндірушілері қала көшелеріндегі өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу деректерін анықтады

Семейдің өрт сөндірушілері қала көшелеріндегі өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу деректерін анықтады.

Семей. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің өрт сөндірушілері қаланың көшелеріне рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу деректерін анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қаланың өрт сөндіру қызметі басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпараттарына сүйенсек, өрт сөндіру қызметінің арнайы автомобилі көліктер ең көп жүретін көшелермен жүрген. Рейд жүргізу барысында ғимараттарға өту жолдарының жағдайларына аса назар аударылған. "Өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру көліктері оқиға болған жерге жетуі мүмкін емес екені белгілі болды",- деп түсіндірді мекеме қызметкерлері.

"Өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұзу оқиғалары негізінен арнайы көліктердің ғимаратқа және қала базарларының жақын орналасқан өрт сөндіру гидранттарына өту жолдарының жабықтығымен көрініс береді",- деп нақтылар өтті өрт сөндіру қызметі басқармасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны