16.09.2009, 13:55 1445

Сенат депутаты Қасымов Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасар алдында рақымшылық жасау қажет деген пікірде

Сенат депутаты Қасымов Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасар алдында рақымшылық жасау қажет деген пікірде

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасар алдында рақымшылық жасау қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің еліміз 1 қаңтардан бастап ЕҚЫҰ төрағасы болады, бұл осы миссияны атқаратын барлық мемлекеттік билік институттарына айрықша жауапкершілік жүктейді. Біздің қызметіміз тұрғысында сын тағылмауы үшін бәрін алдын-ала ойластыру керек. Сол себепті мен үкіметтен еліміздің азаматтары үшін рақымшылық жасау мүмкіндіктерін қарастырып, болымсыз және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандарды жазадан босатуды сұраймын", - деді Ғ. Қасымов.

"Мен бұл мәселеге қайта айналып соғуды сұрар едім және егер үкімет оындай заң жобасын жасап енгізсе, парламент қолдайды деп ойлаймын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны