15.01.2010, 14:18 2791

Сенат депутаты мемлекет басшысының мерейтойына орай рахымшылық жариялауды ұсынады

Сенат депутаты мемлекет басшысының мерейтойына орай рахымшылық жариялауды ұсынады

Астана. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Сенат депутаты Ғани Қасымов мемлекет басшысының мерейтойына орай рахымшылық жариялауды ұсынады. Ол осы жөніндегі депутаттық сауалды бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен, Кәрім Қажымқанұлы мырза, сізден рахымшылық мәселесіне тағы бір айналып соғуды сұраймын. Биыл біздің елімізде айтулы оқиға - мемлекет басшысының 70 жылдық мерейтойы болмақ. Біз осы оқиғаға орай мемлекет басшысының атынан рахымшылық жариялап, қайырымдылық шарасын арнай аламыз", - деді Ғ. Қасымов.

Ол бұған қоса осы мәселе бойынша депутаттық саул жолдағанын атап көрсетті. "16 қыркүйекте мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалыққа кірісуі оқиғасына орай рахымшылық жариялау мәселесі бойынша өтініш жолдадым. Бұл халықаралық қоғамдастыққа жолдаған айтулы "месседж" болар еді, біздің қайырымды мемлекет екеніміздің айғағы болар еді, бірақ рахымшылық жарияланған жоқ", - деді сенат депутаты.

"Мемлекет басшысының өзі өткен жылдың тамыз айында рахымшылық мәселесін пысықтауға назар аударған, бірақ жаңа жыл келді, еліміздің тәуелсіздігін тойладық, соған қарамастан, не себептен екені белгісіз, рахымшылық жарияланбады", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны