10.04.2008, 19:12 3060

Сенат төрағасы Еуразиялық Даму банкінің басқарма басшысын қабылдады

Сенат төрағасы Еуразиялық Даму банкінің басқарма басшысын қабылдады

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық Даму банкінің (ЕАДБ) басқарма басшысы Игорь Финогеновты оның өтініші бойынша қабылдады, -деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында ықпалдастық үдерістерін одан әрі тереңдетуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Өткен жылы инвестициялық қызметтердің аясында энергетика, көлік және коммуникация салаларын жаңғыртуға бағытталған ірі жобаларды кредиттеу жүзеге асырылды",- деп атап өтті И.Финогенов.

Еске сала кетейік, ЕАДБ 2006 жылы қаңтарда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан мен Ресей құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны