03.10.2018, 18:57 5104

"Сенім жолында" фильмі "Еуразия.DOC" атты деректі кино фестиваліне қатысуда

Фильмде қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады. Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, 40-қа жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы маусымныӊ 5-інде болған Ақтөбедегі теракт.

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, Минск қаласында өтіп жатқан "Еуразия.DOC" атты үшінші ТМД елдерініӊ деректі кинолары фестивалі шеӊберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Қазақстан Республикасы Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігініӊ қолдауымен түсірген "Сенім жолында" деректі фильмніӊ көрсетілімі өтеді. Режиссері - Исия Байғожина.

Фильмде қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады. Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, 40-қа жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы маусымныӊ 5-інде болған Ақтөбедегі теракт. Бұл фильм мұрағат материалдарына, лаӊкестердіӊ шабуылынан аман қалған жандардыӊ, дәстүрлі емес ислам ағымын ұстаушылардыӊ жақындарыныӊ естеліктеріне негізделген.

"Еуразия.DOC" атты үшінші ТМД елдерініӊ деректі кино фестивалі Минск қаласында қазанныӊ 1-і мен 4-і аралығында өтіп жатыр. Фестивальдіӊ басты мақсаты - Достастық елдерініӊ талантты документалист-реджиссерлерін қолдау, телевизиялық фильмдерді және кинопублицистиканы жарыққа шығарып жүрген жас киногерлердіӊ есімін ашу, шығармашылық байланыстарды нығайту болып табылады.

Фестивальдіӊ іріктеу комиссиясы ТМД елдерініӊ қоғамдық-саяси өміріне тікелей немесе жанама қатысты оқиғаларды қозғап, авторлық талдау жасалған фильмдерді қабылдайтынын айта кеткен жөн.

Биыл фестивальге қатысуға 23 елден 150 фильмдер үміт білдірген. Оныӊ ішінен негізгі байқауға 12 елдіӊ 24 деректі фильмі іріктелінді. Нәтижесінде, байқауға Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония елдерініӊ танымал және жас буын кинодокументалистердіӊ фильмдері қатысады. Фестивальдіӊ жеӊіпмаздарын танымал киногерлер, саясаткер мен журналистерден құралған халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады.

"Сенім жолында" фильмініӊ көрсетілімі бүгін, Минскідегі "Беларусь" кинотеатрында (№5 зал) өтеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де.

"Сенім жолында"

Режиссері: Исия Байғожина

Сценарий авторлары: Исия Байғожина, Мереке Қасен

Операторлар: Ренат Қосай, Нұрсәт Икімхан

Кеӊесші: Асқар Сабдин

Дыбыс режиссері: Бейбіт Исаметов

Композиторлары: Алиби Мәмбетов, Төлеген Момбеков, Таласбек Исемкулов және т.б.

Бейнеинженер: Николай Пономарев

Компьютерлік графика: Андрей Кисилев

Икімші: Любовь Радионова

Директоры: Нұргүл Нұржігітова

Режиссер туралы:

Байғожина Исия - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1987 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғары курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор, кейін деректі фильмдер бірлестігініӊ бас редакторы болып жұмыс істеді. 1990-1996 жылдар аралығында "Параллель" тәуелсіз студиясыныӊ көркемдік жетекшісі болды. 1991 жылы Исия Байғожина өзініӊ алғашқы режиссерлік жұмысы - Егемендіктіӊ алғашқы сеӊін қозғаған Желтоқсан оқиғасына

арналған "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" атты деректі фильмі жарық көреді. Бұл туынды Қазақстан Республикасы Жастар және журналистер одақатрыныӊ арнайы жүлдесімен марапатталады.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" (Н.Чанковамен бірлесе түсірген, КФ, 1991), "Қызыл империя" (деректі сериал, "Гранит" Би-Би-Си" студиясы, 1991), "Дінмұхамед Қонаев - өмір жолы" (КФ, 1995), "Жарыққа құмар" (Г.Алдонгаровамен бірлесіп түсірген, ҚР Президенті ТРК, 1998), "Бақыт формуласы" ("М'арт", 2007), "Елім-ай. Репатрианттар хроникасы" ("Қазақфильм", 2007), "Валибайды еске алу" (2008).

Деректі фильмдерді сценарий авторы: "Су - өмір нәрі" (КФ, 1986), "Ауылдыӊ көріністері" (КФ, 1988), "Қорық" (КФ, 1989), "Шпион" (КФ, 1989) және басқалары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны