04.04.2013, 17:37 3407

Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

Қазақстан және Украина Үкіметі басшыларының қатысуымен, сондай-ақ 2013-2015 жылдарға арналған ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасына қол қойылды. Мемлекетаралық Келісімді ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен Украинаның Ғылым, инновация және ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік агенттігінің төрағасы Владимир Семиноженко қол қоюымен бекітті.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Киевте Қазақстан-Украина келіссөздері қортындысы бойынша екі елдің Үкімет басшылары Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына ("Жол картасы-4") қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжат стратегиялық әріптестіктің түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Қазақстан және Украина Үкіметі басшыларының қатысуымен, сондай-ақ 2013-2015 жылдарға арналған ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасына қол қойылды. Мемлекетаралық Келісімді ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен Украинаның Ғылым, инновация және ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік агенттігінің төрағасы Владимир Семиноженко қол қоюымен бекітті.

Қол қою рәсімінен соң ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов пен Украина Премьер-Министрі Н.Азаров брифинг өткізді.

Қазақстан Үкіметінің басшысы "болған келіссөздердің маңыздылығы мен жоғарғы сындарлылығына" тоқталып, "Қазақстан да Украина да екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастан зор болашақ күтетінін" атап көрсетті.

"Қазақстан Украинаның сауда әріптестерінің бірінші бестігіне кіреді",-деді С.Ахметов. Ол маңызды жетістіктер легінде "өңірлер мен шаруашылық субьектілері арасындағы тікелей байланыстардың жанданғанын" атады.

Ынтымақтастықтың болашағына қатысты С.Ахметов бүгін қол қойылған "Жол картасы-4" құжаты сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік салаларында, машина жасау өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және ғарыш саласы, гуманитарлық өзара іс-қимыл төңірегіндегі әріптестік аясын кеңейтуге бағытталғанын атап айтты.

С.Ахметов екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қол жеткізілген келісімдер мен қол қойылған құжаттардың маңыздылығына тоқталды.

Соңында С.Ахметов, "достық, өзара сыйластық пен стратегиялық әріптестікке ұмтылу алдағы уақытта да Қазақстан мен Украина халықтарының игілігі үшін біздің қарым-қатынастарымыздың басты принциптері болып қала береді",-деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны