26.09.2006, 14:18 3283

Шахтинск көмір бассейнінің кеншілері жұмысқа шығудан бас тартты

ШАХТИНСК. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Шахтинск көмір бассейніндегі төрт шахтаның кеншілері жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Виктор Зорин хабарлады.

"Бүгін Ленин атындағы, "Тентек", "Қазақстан", және "Шахтинск" шахталарының кеншілері жұмысқа шыққан жоқ",- деді В.Зорин.

Кеншілердің айтуынша, "шахтаның жұмыс ахуалын бәрібір сақтап қалу қажеттігіне, суды айдап, лаваны желдету қажеттігіне байланысты" жер астына небәрі 35 адам түскен.

Бүгін кеншілер Шахтинск қалалық әкімшілігі ғимаратының жанында тағы да жиналмақшы. "Біз кәсіподақ ұйымы облыс әкімшілігі мен көмір департаментінің басшылығымен кездесуге тағайындаған адамдарға сенбейміз",- дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кешегі митингіде сейсенбі күні кеншілерді жерлеу рәсімінен кейін "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің басшылығына қойылатын талаптарды дайындау және 27-қыркүйекке белгіленген басшылықпен келіссөздерге қатысатын өкілдердің тізімін жасау жөнінде ұйғарымға келді. Алайда, кеншілер шахталардың басшылығының қысымымен "келіссөздерге баратын адамдар жұмысшылар қатарынан емес, басшылықтан тағайындалып, талаптары назардан тыс қалады-ау деп қауіптенуде".

Кеншілер жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде талап қойып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны