19.02.2016, 19:03 4428

Шақалақтыӊ өлі денесіне байланысты қылмысты іс қозғалды

Шымкентте табылған өлі шарананыӊ денесіне қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды

Шымкент. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкентте табылған өлі шарананыӊ денесіне қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илеуметтік желілерде қаладағы шағынаудандардыӊ бірінен шақалақтыӊ денесі табылғаны жайлы видео тарап кетті. Осы фактіні Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімініӊ қызметкерлері тексеруге алды" делінген хабарламада, деп хабарлайды otyrar.kz тілшісі.

Шұғыл іздестіру барысында тергеушілер бұл оқиғаныӊ 17 ақпан күні Шымкеттегі Нұрсәт шағынауданында болғанын анықтады. Қаладағы мекемелердіӊ бірініӊ жұмысшылары кәріз жүйесініӊ құбырын тазалау барысында өлі шақалақты тауып алған. Содан кейін каналдардыӊ бірініӊ жанына көміпті.

Қажетті шараларды жүргізген полицейлер адам ұрығын сот-медициналық сараптамаға жіберді. Қазіргі таӊда қылмысты кодекстіӊ 119-бабына сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру" қылмысты іс қозғалды. Тергеу-тексеру ісі жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны