27.01.2015, 15:15 4041

Шаӊхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ Ұлттық үйлестірушілер кеӊесініӊ отырысы өтті

2015 жылы 20-22 қаӊтарда Бейжіӊ қаласында Шаӊхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ Ұлттық үйлестірушілер кеӊесініӊ отырысы өтті

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today -2015 жылы 20-22 қаӊтарда Бейжіӊ қаласында Шаӊхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ Ұлттық үйлестірушілер кеӊесініӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыс қатысушылары осы жылға жоспарланған іс-шараларға дайындық мәселелерін, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ Даму стратегиясыныӊ жобасын әзірлеу және Ұйымды кеӊейту бойынша сарапшылар отырыстардыӊ қорытындыларын қарастырды. Сонымен қатар тараптар Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламаныӊ Іс-шаралар жоспарын түгендеу бойынша ықпалдастық тетіктерін және ШЫҰ жобалық қызметін әрі қарай дамыту шаралар тізбесін талқылады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Отырыстыӊ қортындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны