30.05.2016, 16:52 3566

Шардарада шегірткеге қарсы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде

Шардара ауданында зиянкестерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімініӊ мәліметіне сәйкес, дәл қазіргі сәтте Жаушықұм ауылы аумағындағы жайылымдық массивте 4600 гектар алқапта шегіртке анықталып, оныӊ 3700 гектарына шегірткеге қарсы өӊдеу жұмыстары жүргізілді

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Шардара ауданында зиянкестерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімініӊ мәліметіне сәйкес, дәл қазіргі сәтте Жаушықұм ауылы аумағындағы жайылымдық массивте 4600 гектар алқапта шегіртке анықталып, оныӊ 3700 гектарына шегірткеге қарсы өӊдеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шегірткеге қарсы "Ахиллес" маркалы дәрі шашылып, аумақ 80 пайызға зарарсыздандырылды.

Бұл жұмыстарға 1 дельтоплан, 2 дәрі бүріккіш трактор, 1 газогенератор микроавтомашинасы, 3 су таситын автокөлік, 51 иыққа асылатын дәрі бүріккіш техникалары жұмылдырылған.

Шегіртке ошағын анықтау, жою жұмыстарына 4 маман қызметкер, шаруалардан 17 адам қатысуда.

Шегіртке пайда болған егістік алқаптыӊ басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшылығы мен аудандық әкімдіктіӊ жетекшілігі, салалық бөлім мамандары жүр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны