11.11.2015, 12:26 4385

Шекарашы зорлықшыны ұстады

Осы жылдыӊ 10-қарашасы күні 17сағат 30минутта Шекара қызметініӊ "Жетісай" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушысы сержант Журашев Б.К. қоғамдық көлікпен келе жатып Оӊтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Красный луч ауылыныӊ маӊынан бір ер азаматты, және оныӊ қасындағы он жас шамасындағы қыз баланы байқайды.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 10-қарашасы күні 17сағат 30минутта Шекара қызметініӊ "Жетісай" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушысы сержант Журашев Б.К. қоғамдық көлікпен келе жатып Оӊтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Красный луч ауылыныӊ маӊынан бір ер азаматты, және оныӊ қасындағы он жас шамасындағы қыз баланы байқайды. Ер азаматтыӊ қимылы күдікті боп көрінеді. Қыз балаға зорлық көрсеткендігі оныӊ жүрісінен, қимылынан байқалып тұрды. Осыны сезген шекарашы жүргізушіден көлікті тоқтатуын сұрады. Ер азамат пен қызға жақындағанда күдікті нәрселер көбейе түсті. Қыздыӊ киімі жыртылған, қан дақтары бар. Мұны байқаған шекарашы бірден ер азаматты ұстап, аудандық ішкі істер бөліміне хабар берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта күдікті азамат уақытша қамау изоляторында отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны