11.11.2018, 22:28 4420

Шекарашылар біздіӊ елден Өзбекстанға қарай жаяу кетіп бара жатқан 1975 жылы туған азаматшаны ұстады

Ол тексеруге 1973 жылы туған өзге бір азаматшаныӊ төлқұжатын ұсыныпты. Шекарашылардыӊ қырағылығын тексермек болған, қулығы қырық есекке жүк болған келіншектіӊ ісімен қазір Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы айналысып жатыр.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Сарыағаш" шекара отрядыныӊ "Жібек жолы авто" тексеріп-өткізу бекетінде шекарашылар біздіӊ елден Өзбекстанға қарай жаяу кетіп бара жатқан 1975 жылы туған азаматшаны ұстады. Ол тексеруге 1973 жылы туған өзге бір азаматшаныӊ төлқұжатын ұсыныпты. Шекарашылардыӊ қырағылығын тексермек болған, қулығы қырық есекке жүк болған келіншектіӊ ісімен қазір Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы айналысып жатыр.

Ал, осы Өӊірлік басқарманыӊ Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай авто" тексеріп-өткізу пунктінде шекарашылар біздіӊ елімізден Қырғыз Республикасына қарай кетіп бара жатқан екі қырғыз азаматын ұстады. Олардыӊ көліктерініӊ ("Мерседес Бенс 408" және "Мерседес Бенс 208D") салонында рұқсатсыз, қолдан орнатылған 3800 литрлік қосымша бактар (іші бос) барлығы анықталды. Екеуі де Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны