03.12.2018, 21:45 8368

Шекарашылар елімізге суық қару мен есірткі әкеле жатқан шетелдіктерді ұстады

Шекарашылар оныӊ автокөлігінен, қолдан жасалған, сараптау барысында суық қару ретінде танылған пышақ тауып алды. Айғақзатымен бірге ол Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядыныӊ "Қарасу" автокөліктерді өткізу бөлімшесінде (2018 ж. 28.11. сағат 12.40) көрші елден жекеменшік ДАФ автокөлігімен келе жатқан 39 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Шекарашылар оныӊ автокөлігінен, қолдан жасалған, сараптау барысында суық қару ретінде танылған пышақ тауып алды. Айғақзатымен бірге ол Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Дәл осыған ұқсас жағдай Петропавл отрядыныӊ "Қызылжар-авто"бөлімшесінде де орын алды. Сағат 14.35-те біздіӊ елден Ресейге қарай өзініӊ "ВАЗ 21812"автокөлігімен кетіп бара жатқан 43 жастағы қазақстандықтыӊ автокөлігінен Калашников автоматыныӊ (АК-47) сүӊгі-пышағы табылды. Пышақтыӊ жүзінде - "АК 47 СССР" деп бедерленген жазу бар екен.

Қордайлық шекарашылар тағы да ерледі. "Қордай-авто" бөлімшесініӊ шекарашылары түнгі 22.20-да біздіӊ елімізге келе жатқан 1993 жылғы Изірбайжан азаматын ұстады. Оныӊ жол сөмкесін "Рапискан" аппаратынан өткізген кезде жеке заттарыныӊ арасынан 7,62 калибрлы 5 дана ұрыстық оқтар табылды.

Осы аталған бөлімшеніӊ шекарашылары түс қайта (сағат 14.40-та) қызметтік иттіӊ көмегімен өз елінен Қазақстанға келе жатқан 20 жастағы азаматты гашиш есірткісімен (салмағы 1 грамм) ұстаған болатын.Дәл сол иттіӊ көмегімен бүгін таӊғы сағат 4-тер шамасында, біздіӊ елге келе жатқан 19 жастағы тағы бір қырғызстандық бозбала гашиш есірткісімен ұсталды. Ұсталғандар айғақты заттарымен бірге Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны