27.08.2007, 18:27 3106

Шығыс Қазақстан облысында балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында, балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 - тамыз. СЕМЕЙ. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында, балшық кенінде мамонттың тұмсығы табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне өлкетану мұражайының директоры Наталья Дубинчик хабарлады.

Оның айтуынша, мұражайға екі жас жігіт келіп, балшық шығатын карьерде мамонттың тұмсығына ұқсас бір зат тауып алғандықтарын хабарлаған. Аталған жерге мұражайдың қызметкерлері мен облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері барған. "Тұмсықты і алып шығу үшін біраз тер төгуге тура келді: қазуға екі сағаттан астам уақыт кетті, себебі оны өте ептілікпен істеу қажет болды - сүйектер көз алдымызда шашылып жатты",- деді Н. Дубинчик.

Табылған затты зерделеп, мамандар мұның расында да 400 мың жылғы бұрынғы мамонттың тұмсығы деген қорытындыға келді. "Бұл облыс бойынша біздің жерімізге мамонттардың келгендігі ғылыми тұрғыдан расталған 48-ші оқиға",- деп атап өтті Н. Дубинчик.

Табылған олжа өлкетану мұражайына берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны