05.05.2009, 19:23 2961

Шығыс Қазақстан облысында бір мектептің түлектерін түгелдей полицияның есебіне қойған - телеарна

Шығыс Қазақстан облысында бір мектептің түлектерін түгелдей полицияның есебіне қойған - телеарна

Алматы. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауылында Алтынсарин атындағы мектептің 11 түлегін түгелдей полицияның есебіне қойған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысында бір мектептің түлектерін түгелдей полицияның есебіне қойған. Белгілі болғанындай, жасөспірімдерді басқа мектепке ауыстыруға қарсылық білдіргені үшін жазалаған", - деп хабарлайды телеарна.

Журналистердің ақпаратына сәйкес, мектеп оқушыларын ауылдық әкімдіктің нұсқауы бойынша есепке тұрғызған. Сюжетке жүгінсек, өткен жылы әкімдік небәрі 11 оқушы ғана жиналуға байланысты 10-шы сыныпты жабуға шешім шығарған. Жасөспірімдерге ауылдың шетіндегі басқа бір мектепке ауысуды ұсынғанымен, олар бас тартқан.

"Сыныпты сақтап қалу мүмкіндігі туғанымен, артынан оның кесірі де алдан шықты: ата-аналар өз балаларының полицияда есепте тұрғанын бірақ білген. Мұндай тәсілмен араларында бес қыз бар оқушыларды бұйрыққа бағынбағаны үшін жазалаған", - деп хабарлайды телеарна.

Таскескен ауылындағы Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Ғалия Қалыбаеваның түсіндіруінше, "балалардың есепте тұрғаны туралы мектепке ескерту берілмеген, ондағылар бұл жайтты білмеген".

"Ал әкімдіктегілер жаппай білген. Балаларды ауыстыру жоспарланған мектепке сабаққа келмегені үшін есепке қойған", - дейді КТК.

Ал Таскескен ауылының әкімі Азади Жүнісов өз кезегінде: "балалар қара тізімге негізсіз енгізілген. Бұл - дұрыс емес. Мен мектеп оқушыларын бұл тізімнен алады деп уәде беремін және оларды ендігәрі жазаламайды",- деп мәлімдеді.

Сюжетте атап көрсетілгеніндей, мектеп оқушыларының ата-аналары прокуратураның көмегімен "осындай өрескел шараға баруға бастама көтерген әкімдік қызметкерлері мен учаскелік полицейлерді жауапкершілікке тартпақ ниетте".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны