06.03.2007, 19:16 3590

Шығыс Қазақстан облысында ядролық технологияға негізделген медициналық кластер құру жоспарлануда

СЕМЕЙ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында ядролық технологияға негізделген медициналық кластер құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімовтың Семейдегі № 2 облыстық онкологиялық диспансерге келуі барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадыржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Онкологиялық диспансер директоры Нұрлан Сандыбаевтің түсіндіруінше, қазіргі уақытта мекеме аумағында үкіметтің шешімімен республика көлемінде баламасы жоқ радиологиялық орталық салынып жатыр. Ол халықаралық стандарттарға сай заманауи қымбат бағалы сәулемен емдеу және диагностика жабдықтарымен жабдықталады. Қазіргі уақытта құрылыстың бірінші сатысы аяқталған, аталмыш сатыда 889 млн теңге игерілген. Бұл қаржыға құралдар-жабдықтар, соның ішінде қашықтан сәулемен емдеуге арналған Чехия -німі - "Терагам" атты бірегей аппарат сатып аланған. Ол үкімет басшысына таныстырылды.

Премьер-министрге Н. Сандыбаев хабарлағандай, қазіргі уақытта құрылыстың екінші сатысы басталған. Аталмыш сатыда 85 орынға арналған стационар, сонымен қатар ядролық медицина бөлімі жұмыс істейтін радиациялық медицина ғимараты салынады. "Біз тек онкологиялық аурулардың ғана емес, сондай-ақ кардиологиялық, гематологиялық және басқа да көптеген ауырулардың нақты диагнозын қоюға көмегі тиетін, Ұлттық ядролық орталық өндіріп шығарған, отандық дәрілерді пайдалануды жоспарлап отырмыз",- деді Н. Сандыбаев.

Өз кезегінде Ұлттық ядролық орталықтың директоры Қ. Қадыржанов "қазіргі уақытта Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың ядролық физика институтының атомдық реакторлары қолданылатын ядролық медицина орталығы құрылып жатқандығын" түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, жаңа радиологиялық фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді жасап пайдалану жоспарлануда. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. "Бұл қаржы дер кезінде бөлінсе, онда еліміздің барлық аймақтарын радиологиялық фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету проблемасы шешіледі... Егер қазір біздің отандастарымыз емделу үшін Германияға барып жатса, келешекте олар Қазақстанда емделетін болады",- деді Қ. Қадыржанов. Сөйтіп, ядролық технология бойынша біртұтас медициналық кластер құрылғандығы туралы айтуға болады, деп қорытындылады ол.

Тұиасиай алғанда онкологиялық диспансер директоры үкімет басшысын онкологиялық ауруларға қатысты ахуал туралы таныстыра келе, "қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында оңды ағым байқалып, адам өлімінің саны азайғандығын, дегенмен онкологиялық аурулардың облыстық көрсеткіші жалпы республикалық көрсеткіштен басым екендігін хабарлады". 2006 жылы диспанерге 41 496 адам келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны